Ғарышқа жол ашқан күн
Пригород орта мектебінде 12 –сәуір ғарышкерлер күніне орай 8-10 класс оқушылары арасында «Ғарышқа жол ашқан күн» атты интеллектуалды ойыны өткізілді.
Наурыз - думан
Пригород орта мектебі бойынша 2016-2017 оқу жылындағы
22-наурыз «Наурыз - думан» мерекесінде өткізілген
іс-шаралар
Мектепішілік жоспарға сәйкес 22-наурыз «Наурыз - думан» мерекесіне арналған көптеген класс сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді. М.Сарманованың «Ұлттық тәрбие – ұлы елдің ұмытылмас мұрасы» атты ұлттық салт-дәстүрімізге құрметпен қарау үйірме жұмыстары бойынша және 9 «а» класс қыз балалармен «Сырымды бөліссем..» тәрбие сағаттары өткізілді. Рухани-адамгершілік тәрбие, жыныстық тәрбие бағыттары бойынша сырласып оқушылар өтпелі кезеңдегі өз бойларындағы өзгерістер және достық қарым – қатынас, мұғалім мен оқушы арасындағы кішіпейілділік, сыйластық туралы ойларын ашық бөлісті. Мектеп кітапханашысы және еңбекке баулу пәні мұғалімдері оқушылардың өз қолдарымен жасалған зергер бұйымдар мен ою-өрнектерінен «Наурыз- ұлт мерекесі» атты көрме ұйымдастырды және ұлттық киімдерден дифеле көрсетілді.