Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан, шахматтан сайыс өтті
2017 жылғы 23 желтоқсан күні Пригород орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру аясында оқушылар арасында тоғызқұмалақтан, шахматтан сайыс өтті. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың тоғызқұмалақ, шахмат ойындарына деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; салауатты өмір салтын сақтау, ұлттық спорт – тоғызқұмалақты, шахматты оқушылар арасында кеңінен насихаттау.
"Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу "
2017 жылдың 29 қараша күні Пригород орта мектебінде 9-11 кластар арасында 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия, "100 нақты қадам " Ұлт жоспарына сәйкес "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу " бірыңғай сағаты атты іс - шара ұйымдастырылды. Шараға ата - аналар қатысты.
Есет Көкіұлының 350 жылдық мерей тойы
Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру", "Туған жер" бағдарламасы аясында Пригород орта мектебінің оқушылары Есет Көкіұлының 350 жылдық мерей тойына орай батырдың кесенесіне, мұражайына жəне жаңадан ашылған ескерткішіне саяхат жасады. Саяхат барысында оқушыларға Есет батыр жайында қызықты, тарихи деректер айтылды. Саяхат оқушыларға үлкен оң əсер қалдырды.
"Болашаққа бастар жол " атты салтанатты жиын
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесіне орай Пригород орта мектебінде "Болашаққа бастар жол " атты салтанатты жиын өткізілді.
Мектепішілік олимпиада
Пригород орта мектебінде ғылым негіздері бойынша республикалык олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтуде. Мектепішілік олимпиадаға окушылар белсенділікпен қатысуда.
"Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді.
Пригород орта мектебінде "Отбасы - алтын діңгек" тақырыбында жалпы ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Қазақстан Республикасы Қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өкілі Е.М. Толыбаев қатысты.