"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Пригород орта мектебі Эстетикалық әдістеме бірлестігінің 10.04- 15.04.2017ж. аралығында өткен апталығының қорытындысы

Пригород орта мектебі  

 Эстетикалық әдістеме бірлестігінің

10.04- 15.04.2017ж. аралығында өткен

 апталығының қорытындысы

 

 

Апталықтың  мақсаты:  Бейнелеу  өнері, технология, музыка  сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың сыныпта алған , меңгерген білімін, пәнге қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

 

11.04 күні технология пәнінен 8 «а» класында пән мұғалімі Айдар С.Е.ашық сабақ берді. Сабақта жаңа технологиялар қолданылды. Оқушылар топқа бөлініп, топпен жұмыс жасады. Өткен сабақты пысықтауға байланысты топтарға сұрақтар берілді.Машықтау жұмысына  қарапайым электр тізбегін құрастыру жұмысы берілді. Сабақ бекіту кезінде сәйкестендіру тесті жүргізілді. Барлық оқушыларға сабаққа толық қатысты.

 

11.04 күні технология және бейнелеу өнері пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 4-6-кластар аралығында «Өнерліге өріс кең» атты кластан тыс қолөнер сайысы болды . Сайыстың мақсаты:  Оқушылардың  іскерлігін, икемділігін нығайту, шығармашылық, эстетикалық талғамдарының дамуына ықпал жасау. Сайыс төмендегідей жоспар бойынша өткізілді:1. Таныстыру.  2 «Бояулар әлеміне саяхат» Ғарышқа байланысты сурет салу   3«Тапқыр болсаң тауып көр!» викториналық сұрақтар сайысы

4. «Шебер қол ештеңені таңдамайды» бұл жерде ер балалар қыздардың, қыздар ер балалардың жұмыстарын орындайды. 5. «Сал айнытпай болсаң егер суретші» Сурет салу   6. Жарнама 

 

Балалар үш топқа бөлінді 4 «а,б» кластары «Шеберлер»,5 «а,б» кластары «Іскерлер» , 6 «а,б» кластары «Өнерлілер» тобы болып сайысқа түсті. Сайыс балалар үшін қызықты болды

 

13.04 күні технология пәні мұғалімі Мустафина Б.А. 5-11-кластар аралығында кластан тыс «Сән мен сымбат» кешін өткізді. Кештің мақсаты: қыз баланың бойындағы ұлттық дәстүрге сай қасиеттерін таныта білу, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Кеште қыз балалар өздері тіккен әшекей  бұйымдарымен, фетрден дайындаған сөмкелерімен, камзолдарымен, әр түрлі шаш өрім үлгілерімен, мата қиындысынан аксессуарлар үлгісін көрсетті..Кеш өте әсерлі, тартымды болды .

 

 

13.04 күні логопед  Жанбаева Ж.К. 3 «б» класс оқушысы  Муханбеткалиева Камиламен «Разные игрушки» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты:оқушының «ш,с» дыбыстарын дұрыс айта білуге үйрету,ол дыбыстардың сөз ішінде орындарын анықтау,фонематикалық   дыбыстық қабылдауын дамыту, қол моторикасын дамыту,сабаққа ынтасын арттыру, өзін-өзі бақылауға үйрету Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды . Сабақта оқушының жас ерекшелігіне сай ойыншықтар, көрнекіліктер көп қолданылды. Мұғалім  сабақта қойған мақсатына жетті

 

14.04 күні бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дадина А.М. 6 «а» класында «Ою-өрнектерді түс нышандарында аппликация жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ою-өрнектері жайлы оқушыларға толығырақ мәлімет беру,әр түрлі түстермен боялған өрнек элементтерін салу жолдарын үйрету. Сабақта СТО технологиясы элементері пайдаланылды . Мұғалім оқушылармен жақсы қарым-қатынаста. Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларын мұқият орындады. Сабаққа қажетті көрнекіліктер тақтаға ілінді. Оқушылар топтық жұмыстар орындады,бірлесе жұмыс жасады. Оқушылармен сабақ соңында кері байланыс орындалды.

 

15.04 күні  музыка пәнінің мұғалімі  Коршикова В.В  4 «б» класында «Узбекский крайзовет на праздник. В гопаке вся украинская душа» тақырыбында ашық сабақ өткізді  Сабақтың мақсаты:Оқушыларға өзбек ұлттық музыкалық аспабымен таныстыру, украин  ұлтының ұлттық биімен  таныстыру , шығармашылық қабілеттерін ,музыка өнеріне қызығушылығын арттыру .

 

 

 Логопед Жанбаева Ж.К. «Игрушки» сабағы

 

 

 

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Дадина А.М. 6 «а» класындағы  ««Ою-өрнектерді түс нышандарында аппликация жасау» тақырыбындағы ашық сабағы

 

 

 

 

Технология пәні мұғалімі Айдар С.Е. 8 «а» класындағы «Электр торабындағы ақаулық» тақырыбындағы ашық  сабағы

 

 

 

 

Технология пәні мұғалімі Мустафина Б.А.  өткізген  кластан тыс шара «Сән мен сымбат» кеші

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка пәні мұғалімі Коршикова В.В. 4 «б» класында «Узбекский край зовет на праздник. В гопаке вся украинская душа» тақырыбындағы ашық сабағы

 

 

 

 

Бейнелеу өнері мен технология пәндерінен өткізілген «Өнерліге өріс кең» атты кластан тыс қолөнер сайысы