«Достығы жарасқан Қазақстан халқы» атты салтанатты жиынмен басталды.
24.04-29.04.17ж аралығында мектепішілік жоспар құрылып, төмендегі жұмыс түрлері өткізілді.
Мектебіміздің кітапханашысы «Татулығы жарасқан ел» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырды.
1-4 кластар аралығында «Қазақстан халықтары достығы» тақырыбында суреттер байқауы өткізіліп, ең үздік қабырға газеттеріне мадақтамалар берілді.
Барлық кластарды «Біз бірлігі жарасқан елміз» класс сағаттары өткізілді.
Мектепте әр қоңырау сайын «ұлттар достығы» тақырыбында бастауыш сыныптар аралығында дүниежүзілік халықтар ойындары ұйымдастырылды.
Аға тәлімгер класс жетекшілермен ата-аналармен бірлесе отырып оқушылардың Достық үйіне саяхатын ұйымдастырды.
Бірлік, ынтымақтастық тұғыры 1-мамыр мерекесінің соңы 5-11кластар аралығында ұйымдастырылған мектебімізде оқитын әр ұлттың салт-дәстүрінен көрініс, билері және тұсаукесер өткізуімен жалғасын тапты.