"Көп оқып, көп білуге ұмтыл!" тақырыбында жаппай кітап оқу акциясы
2018 жылдың 13 қаңтар күні "Көп оқып, көп білуге ұмтыл!" тақырыбында жаппай кітап оқу акциясы өтті. Мақсаты: Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. Оқушылар өзінің сүйікті шығармаларын оқып, шығармадағы негізгі кейіпкерді суреттеді, ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Шаңғы жарысы өтті.
2018 жылдың 13 қаңтар күні 5-7 сыныптар арасында спорттың қысқы түрлеріне оқушылардың қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында және оқушылардың үйлесімді қимыл-қозғалысын дамыту мен шаңғы тебу техникасына үйрету үшін шаңғы жарысы өтті.
"Өнеге отбасынан басталады" такырыбында ашық сабақ
"Өзін- өзі тану: Махаббат пен Шыгармашылық педагогикасы" онкүндігі аясында "Өнеге отбасынан басталады" такырыбында 6 "а" класс оқушыларымен ашық сабақ өткізілді.
Oлимпиада
2017 жылдың 7-8 желтоқсан күндері өткізілген ғылым негіздері пəндері бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде Пригород орта мектебінің оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
Мəңгілік елдің - Жасұландары атты салтанатты жиын өтті
Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" аясында Пригород орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Мəңгілік елдің- Жасұландары" атты салтанатты жиын өтті. Республикалық "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымына 87 оқушы қабылданды. Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру" аясында Пригород орта мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Мəңгілік елдің- Жасұландары" атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Республикалық "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымына 87 оқушы қабылданды.