«Білім берудің жаңа парадигмасы: SMART- мұғалімнен SMART- мектепке» тақырыбындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясы туралы.
10 қараша күні "Ақтөбе Өрлеу" институтында «Білім берудің жаңа парадигмасы: SMART- мұғалімнен SMART- мектепке» тақырыбындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік конференциясында Пригород орта мектебінің директоры Г.Б.Жанина, математика пәні мұғалімі А.К.Абишова, информатика пәні мұғалімі А.А. Туркменбаева эксперименттік жұмыс нәтижесі бойынша көрсеткен шығармашылық ізденісі мен инновациялық идеялары үшін грамотамен марапатталды.
"Мерген мұғалім"
2017 жылдың 11 қараша күні Ақтөбе қаласы № 36 қазақ орта мектебінің 25 жыл толу мерекесіне орай қала мектептерінің əскери жетекшілері арасында өткізілген "Мерген мұғалім" пневматикалық винтовкадан нысана көздеп ату жарысының Пригород орта мектебінің мұғалімі запастағы капитан К.С.Байгуринов 1 орын иеленді.
Рухани жаңғыру
Пригород орта мектебінің ұжымы Елбасымыз Н. Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру " бағдарламасымен таныстырылды.
"Алтын күз "
Пригород орта мектебінде "Алтын күз " мерекесі өз мəресіне жетті. Оқушылар белсенділікпен атсалысты.
Оқыту семинары өткізілді
Пригород орта мектебінде "Білім мазмұнын жаңғырту аясында жалпы білім беретін мектептердегі критериалды бағалау моделі" тақырыбында Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Уралбаева Ақмарал Дүйсенгалиевнамен бірлесе отырып оқыту семинары өткізілді.