2017 жылғы 11-14 мамыр аралығында өткізілген оқу далалық жиыны
2017 жылғы 11-14 мамыр аралығында өткізілген оқу далалық жиынында Пригород орта мектебінің 10 класс оқушылары жүлделі І орынға ие болды. Жетекшісі Байгуринов Кунай Сулейменович.
2016-2017 оқу жылы Пригород орта мектебінде 1-мамыр «Қазақстан халықтары достығы» күніне орай өткізілген іс – шаралар
«Достығы жарасқан Қазақстан халқы» атты салтанатты жиынмен басталды.
24.04-29.04.17ж аралығында мектепішілік жоспар құрылып, төмендегі жұмыс түрлері өткізілді.
Мектебіміздің кітапханашысы «Татулығы жарасқан ел» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырды.
Қауіпсіз интернет
Пригород орта мектебінде өтілген «Қауіпсіз интернет»
бойынша жүргізілген іс-шараларға анықтама
Республикалық «Қауіпсіз интернет» жоспарын басшылыққа ала отырып мектепішілік іс-шаралар өткізілді.
Шараның мақсаты: ғаламторды дұрыс пайдалана білу.
Жиын өткізіліп оқушылар мен класс жетекшілер жоспармен таныстырылды.
«Интернет деген не?» атты бастауыш кластар үшін сауалнамалар алынып қорытындысы папкіге жинақталды.
Пригород орта мектебі Эстетикалық әдістеме бірлестігінің 10.04- 15.04.2017ж. аралығында өткен апталығының қорытындысы
Пригород орта мектебі
Эстетикалық әдістеме бірлестігінің
10.04- 15.04.2017ж. аралығында өткен
апталығының қорытындысы
Апталықтың мақсаты: Бейнелеу өнері, технология, музыка сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың сыныпта алған , меңгерген білімін, пәнге қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
11.04 күні технология пәнінен 8 «а» класында пән мұғалімі Айдар С.Е.ашық сабақ берді. Сабақта жаңа технологиялар қолданылды. Оқушылар топқа бөлініп, топпен жұмыс жасады. Өткен сабақты пысықтауға байланысты топтарға сұрақтар берілді.Машықтау жұмысына қарапайым электр тізбегін құрастыру жұмысы берілді. Сабақ бекіту кезінде сәйкестендіру тесті жүргізілді. Барлық оқушыларға сабаққа толық қатысты.
Сенбілік туралы мәлімет
Көктемнің шуақты күндерінен бастау алған туған жерімізді қоқыстан тазарту мақсатында ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстары жалғасын табуда. Ауылымызды таза да көрікті жерге айналдыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Пригород орта мектебінің «Еріктілер» клубы мүшелері, мектеп оқушылары және мектеп ұжымы сенбілікке шықты.