10 маусым күні мектеп бітірушілердің құрметіне орай арнайы салтанатты кеш өтті. Пригород орта мектебінің түлектері аттестаттарын қолдарына алды. Білім ұясымен қоштасып, болашаққа нық сеніммен аттағалы отырған талапкерлерге ата-аналары мен ұстаздары ақ жол тіледі.