Биылғы Ақтөбе облысының 85 жылдық мерекесі қарсаңында мектебіміздің 41-түлектері 26 жас түлек мектеп қабырғасынан ұшып, жаңа өмірге қадам басты.
2016-2017 оқу жылының аяқталуына арналған «Сыңғырла,күміс қоңырау» салтанатты жиыны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының әкелуімен басталды. Жиынға Блогадар селолық округінен Нұралин Дәулетжан Нұрғалиұлы және мектеп директоры Жанина Гульнар Батесқызы шәкірттерге жүрек жарды тілектерін білдіріп, сәт-сапар тіледі. Сондай-ақ, мектебіміздің 2007жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 10жылдық кездесуі қарсаңында алтын ұя мектептеріне алғыстарын білдіріп «Туған жерге тағзым »акциясы аясында мәжіліс залына теледидар сыйға тартты.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп, 1-класс бүлдіршіндері тақпақтарын айтты.
Салтанатты жиын соңы 11 жыл бойы тәлім-тәрбие берген ұстаздарына деген жылы лебіздерін білдіру, ән шашау сыйлауға ұласты. Көк аспанға ұшырылған қоңырау мен жарқын өмір символы көгершіндер биікке самғап түлектерімізге жаңа өмірдің басталғанын көрсеткендей сезім қалдырды.
Түлектеріміз қашан да биік шыңдардан көріне берсін!