Болашаққа бағдар: "Рухани жаңғыру", "Туған жер" бағдарламасы аясында Пригород орта мектебінің оқушылары Есет Көкіұлының 350 жылдық мерей тойына орай батырдың кесенесіне, мұражайына жəне жаңадан ашылған ескерткішіне саяхат жасады. Саяхат барысында оқушыларға Есет батыр жайында қызықты, тарихи деректер айтылды. Саяхат оқушыларға үлкен оң əсер қалдырды.