"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан, шахматтан сайыс өтті

2017 жылғы  23  желтоқсан күні   Пригород орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру аясында  оқушылар арасында тоғызқұмалақтан,  шахматтан  сайыс өтті. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың тоғызқұмалақ, шахмат ойындарына деген қызығушылығын арттыру;  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; салауатты өмір салтын сақтау, ұлттық спорт – тоғызқұмалақты, шахматты  оқушылар  арасында кеңінен насихаттау.

Жарыс қорытындысы бойынша  шахматтан І орынды  6 «а»  класс оқушысы  Есентүгел Ю.,  ІІ орын 11 «а» класс оқушысы Танжарбаев Т.,  ІІІ орынды  8 «а» класс оқушысы  Алтаев  А.  қанжығасына байлады.

Тоғызқұмалақ   турнирінде  жүлделі орындарды 7 «а» класс оқушылары иеленді. І орынды  Осимова Д.,  ІІ орынды  Шадияров  М.,  ІІІ орынды Сейдуллаев  Е.

Сайыс жеңімпаздарын  құттықтаймыз!