«Туған жерге – тағзым»
Көк байрағы биікке желбіреген және тұғыры берік еліміздің мәртебесі баянды болашағы кейінгі толқын жастардың қолында екені сөзсіз. Жалынды да жігерлі жастарымыз «Туған жерге – тағзым» акциясына қатысып өз үлестерін қосуда. Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан түлектер оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізеді. Акцияға қатысудың өзі туған мектебіне көмек көрсетудің керемет үлгісі. Мектеп түлектерінің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантады.
«Ғасырлар жырлайды»
Пригород орта мектебінде қазақтың біртуар ақын-жазушыларына арналған «Ғасырлар жырлайды» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Кештің мақсаты: Қазақтың біртуар ақын- жазушыларының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру. Оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру.
«Ақтөбе:Кеше.Бүгін.Ертең»
Пригород орта мектебінде «Ақтөбе-150жыл» мерейтойына орай 5-11класс аралығында «Ақтөбе:Кеше.Бүгін.Ертең» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
"Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар"
Бүгін Пригород орта мектебінде "Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар" ұранымен бастауыш кластар апталығы басталды. Апталықтың бірінші күнінде балалардың шығармашылығын шыңдау мақсатында "Менің туған өлкем" атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, "100 кітап" жобасын басшылыққа ала отырып 2-4 кластар аралығында оқырмандар сағаты өтті.
Байгуринов Кунай Сүлейменұлы
Байгуринов Кунай Сүлейменұлы -ардагер ұстаз. Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінде үздіксіз 38 жыл бойы жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие берумен қатар, болашақ ел қорғандарын дайындап келе жатқан алғашқы әскери дайындық жетекшісі, жоғары білімді, біліктілігі жоғары деңгейдің жоғары санатты мұғалімі, әскери шені –капитан. Бірнеше түлектері әскери салада қызмет етеді. Педагог пен оның оқушылары республикалық, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.
"Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шыгармашылык педагогикасы"
Пригород орта мектебінде "Өзін-өзі тану:Махаббат пен Шыгармашылык педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігінің жабылу салтанатты жиыны өтті. Онкүндік аясында іс шараларға белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар марапатталды. Дәстүрлі онкүндік рухани-адамгершілік құндылықтар мен ізгілікті істерге толы болды


















