Сенбілік
"Ұрпақтардың еске алуы" акциясы негізінде Пригород ауылының 40 лет Победы көшесін және сол жерде орналасқан саябақты мектеп оқушылары мен мұғалімдер бірлесе отырып тазалау жұмыстарын жүргізді.
Облыстық ХІ Астрономиялық олимпиадасы
Ақтөбе облыстық планетарийі бірінші қазақ профессоры, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Қ.Қ.Жұбановтың туғанына 120 жыл толу мерейтойына арналған Облыстық ХІ Астрономиялық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардың астрономиялық білімге деген қызығушылығын арттыру және де осы пәнді тереңірек меңгеруге үйрету, болашақ мамандық таңдауына көмек көрсету. Олимпиадаға Пригород орта мектебінің оқушылары белсене қатысты. 8 класс оқушылары Мақсат Ұлболсын, Дворников Леонид, 9 «А» класс оқушысы Мамбетова Дариға диплом иеленді. Жетекшілері: Қожанова Ә.Ж., Казбаев Д.Н. Оқушыларымызды жеңісімен құттықтай отырып, Көк Туымызды желбіретер ұлы даланың ұлағатты ұрпағы болып өссін демекпіз!
«Мен Тәуелсіз елдің ұланымын»
Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығы Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Жастар жылы аясында «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын» атты қалалық байқауын өткізді.
Пригород орта мектебінің оқушылары Алматы қаласына саяхатқа барды
Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Пригород орта мектебінің оқушылары Алматы қаласына саяхатқа барды.
23-ші Облыстық ғылыми -тәжірибелік конференция
31 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясының 23-ші Облыстық ғылыми -тәжірибелік конференциясына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.


















