Бүгін Пригород орта мектебінде "Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар" ұранымен бастауыш кластар апталығы басталды. Апталықтың бірінші күнінде балалардың шығармашылығын шыңдау мақсатында "Менің туған өлкем" атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, "100 кітап" жобасын басшылыққа ала отырып 2-4 кластар аралығында оқырмандар сағаты өтті.