"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Туған жерге – тағзым»

Көк байрағы биікке желбіреген және тұғыры берік еліміздің мәртебесі баянды болашағы кейінгі толқын жастардың қолында екені сөзсіз. Жалынды да жігерлі жастарымыз   «Туған жерге – тағзым» акциясына  қатысып өз үлестерін қосуда.  Өз мектептерінің дамуына үлес қосып, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетіп жатқан түлектер оқушылармен тәрбие жұмысында да оң әсерін тигізеді. Акцияға қатысудың өзі туған мектебіне көмек көрсетудің керемет үлгісі.  Мектеп түлектерінің алтын ұя мектептерін естен шығармай, барынша көмек көрсетіп жатқандығы көңіл қуантады.