"Сүйікті қалам Ақтөбеге 150 жыл"
Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына байланысты Пригород орта мектебінде "Сүйікті қалам Ақтөбеге 150 жыл" атты класс сағаттар шеруі өтті. 7 "А" класс Мустафина Б.А., 6 "Б" Кусаинова Г. К., 11 «Б» Фалалеева Т. И., 4 "А" класс Мулдашева К.К., 4 "Б" класс Жылқышиева А.Т., 2"а" класс Журманова Ж.Т. шеруді ашты. Ақтөбе талай батырлардың туын көтерген, ерлік пен елдіктің тағдырына тамыр берген, тарихтың сүрлеуімен жасап келе жатқан құтты мекен екені туралы оқушыларға мәлімет берілді.
"Ақтөбеге-150 жыл"
"Ақтөбеге -150 жыл" мерейтойына байланысты мектебімізде жоспарға сәйкес 5-6 класс оқушыларына "Город на белом холме"атты тарихи фильм көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар "Ақтөбеге-150 жыл" тақырыбында әдеби-көрмені тамашалады. Дайындаған кітапханашы И.А.Тризно.
"Ақтөбе-туған өлкем" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Пригород орта мектебінің 8"А" класында "Ақтөбе-туған өлкем" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушылар Ақтөбенің тарихы, қазба байлықтары, өнеркәсіп орындары және атақты, ірі тұлғалары жайлы көптеген мағлұматтарды білетіндіктерін көрсетті. Тәрбие сағат соңында оқушылар Ақтөбе туралы өлең жырларын оқып, ән шырқап, терме орындады. Тәрбие сағат өте әсерлі, мағыналы өтті.
Республикалық пәндік олимпиада
Ғылым негіздері бойынша 8-11 класс оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінде 9 класс оқушысы Марат Нұрарай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үздік білім көрсеткені үшін грамотамен марапатталды.
“Бұл әлем қандай керемет!”
Мектебіміздің 2 «А» класс оқушысы Әбуова Нұрай және 4 «Б» класс оқушысы Пескова Екатерина қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен “Бұл әлем қандай керемет!” қалалық мәнерлеп орындаушылар байқауына қатысып, “Шынайы орындағаны үшін” номинациясымен марапатталды.
Жаңа жылдық мерекелік шара
Пригород орта мектебінде оқушыларға арналған жаңа жылдық мерекелік шаралар өткізілді. Мерекелік шыршаға барлық оқушылар қатысып, мерекелік жасыл шырша жағудың куәсі болды.