"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Ғасырлар жырлайды»

Пригород орта мектебінде қазақтың біртуар ақын-жазушыларына арналған «Ғасырлар  жырлайды» атты әдеби-сазды  кеш  өткізілді. Кештің  мақсаты:  Қазақтың біртуар ақын- жазушыларының өмірі мен   шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының  өміршеңдігін ұғындыру. Оқушылардың эстетикалық сезімін ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін арттыру. 

Бұл кеште оқу­шылар Абайдың қара сөздерін, ақындардың бірнеше өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, әуезді әндерін нақышына келтіре орын­дады.