Байгуринов Кунай Сүлейменұлы -ардагер ұстаз. Ақтөбе қаласы Пригород орта мектебінде үздіксіз 38 жыл бойы жас ұрпақтың бойына патриоттық тәрбие берумен қатар, болашақ ел қорғандарын дайындап келе жатқан алғашқы әскери дайындық жетекшісі, жоғары білімді, біліктілігі жоғары деңгейдің жоғары санатты мұғалімі, әскери шені –капитан. Бірнеше түлектері әскери салада қызмет етеді. Педагог пен оның оқушылары республикалық, облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпазы.
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі К.С. Байгуринов өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін дамытуға қосқан үлесі үшін:
- Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен;
- Ақтөбе қаласы педагогтары арасында өткен президенттік тест сынағында 1 орын, медаль;
- Ақтөбе қаласының педагогтары арасында өткен пневматикалық винтовкадан ату бойынша 1 орын, медаль;
- Республикалық Ұлы Отан соғысының батыры Ә. Молдағұлованы еске алуға арналған жарыста оқушылары 1,2 орын үшін грамоталармен марапатталды.
Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ағайымыздың жетістіктерін жариялап, мақтанышпен алғыс айтамыз Пригород орта мектебінің ұжымы.
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/221-bajgurinov-kunaj-s-lejmen-ly.html#sigFreeId92341e3f9d