Тарих пәнінің мұғалімі Т.И.Фалалеева «Кітаптың шығу тарихы», «Кітап оқудың пайдасы» туралы оқушыларға ақпарат берді. Шара барысында «Кітап оқығанда ескеретін жайттар», «Кітапты тез оқу әдістері» «Кітаптың адам өміріндегі алатын орны» жайында сөз қозғалып оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Кітапхана меңгерушісі И.А.Тризно, №9 қалалық кітапхана меңгерушісі С.Ж.Дауылбаева «Жаңа кітаптар» көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттады.