"Менің бақытты балалық шағым"
Ақтөбе облысының əкімі Б.М. Сапарбаевтың "Бақытты бала" жобасы аясында өткізілген "Менің бақытты балалық шағым" тақырыбындағы POWER POINT бағдарламасы арқылы презентация құру байқауында 6 "Б" класс оқушысы Кувакина Арина І орын иеленді. Жетекшісі. Амандыкова Г.Х. Құттықтаймыз!
«Еске алу» вахтасы
9 мамыр – Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығы қарсаңында, мектеп оқушылары «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты ұранымен «Еске алу» вахтасына кезекшілікке кірісті.
"Бейбіт күн-жасасын əлемде"
Жеңіс мейрамына орай мектепалды даярлық тобында "Бейбіт күн-жасасын əлемде" тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
"Ұлы Жеңіс біздің жүрегімізде"
Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай Пригород орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне арналған "Ұлы Жеңіс біздің жүрегімізде" атты мерекелік шара өткізілді. Ардагерлеріміз мектеп ұжымына жəне оқушыларға алғыстарын білдірді.
'' Біз Отанның сарбазы ''
''Айгөлек'' шағын орталығында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні жəне 9 мамыр Жеңіс күніне арналған '' Біз Отанның сарбазы '' атты ертеңгілік өткізілді жəне ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
"Бастау" республикалық математикалық турнир
Бүгін, 28 сəуір күні Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, Ақтөбе облысындағы "Бақытты бала" жылы аясында жалпы білім беретін қала мектептерінің 2-4 класс оқушылары арасында "Бастау" республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі өтті.


















