Қалалық ғылыми-әдістемелік Орталықтың ұйымдастыруымен, Қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлескен Еліміздің ордасы Астанамыздың 20 жылдығы аясында 2018 жылдың 31 қаңтар – 2 ақпаны аралығында жалпы білім беретін мектептердің 2-4 класс оқушыларына арналған «Асыл армандар ордасы – Астанама 20 жыл» тақырыбында танымдық апталық өтті. Апталықтың мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін, зерттеуге деген ұмтылысын анықтай отырып тәуелсіздігіміз тұғырлы болса, болашағымыз айқын болатынын ұғындыру. «Үздік шығарма» байқауына қатысқан 3 класс оқушысы Тулегенов Мұрат «Асыл армандар ордасы Астанама 20 жыл» тақырыбында шығарма жазып ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Мулдашева К.К.; «Үздік жоба» байқауына 4 «Б» класс оқушылары Алексеев Б., Сагатова А. қатысып, «Мен іске қосар Астананың бір бөлшегі» деген атаумен өз зерттеулерін қорғап, «Жас зерттеуші» номинациясымен марапатталды. Жетекшісі: Исмагамбетова А.Г. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!