"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Пригород орта мектебінің оқушылары Алматы қаласына саяхатқа барды

Оқушылардың көктемгі  демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Пригород орта мектебінің оқушылары   Алматы қаласына саяхатқа барды. 

 

Оқушылар  Алматы қаласының көрікті жерлері «Медеу» мұзайдынын, «Шымбұлақ» ТШК мен Үлкен Алматы көлін, «Көктөбені» тамашалады. Бұл жерлер Қазақстандық және шетелдік туристерді өзінің әсем табиғатымен сүйсіндіріп келеді.  Экскурсия барысында оқушылар «Шарын шатқалына» да барды.   Шарын – қазақ елінің туристерін құшақ жая қарсы алатын қонақжай мекендерінің бірі. Төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған ертегілер қаласын еске түсіреді. Оның пішіндері қолдан салынған ғимарат, мұнараларға қатты ұқсайды. Егер алып тастардың қасынан ілгері өтіп, жолмен тіке қарай алға беттей берсе, Жер Ананың шеткі нүктесіне аялдап қалған секілді күй кешуге болады. Әдемі көркімен, жанға жайлы ғимараттарымен Алматы  қаласы күн өткен сайын құлпыра түскендей.  Оқушылар жақсы демалып, саяхаттан ұмытылмас әсер алып, риза көңілмен оралды.