"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Мен Тәуелсіз елдің ұланымын»

Ақтөбе  қалалық жастар ресурстық орталығы  Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және  Жастар жылы  аясында «Мен Тәуелсіз елдің  ұланымын» атты  қалалық байқауын өткізді. 

 

Байқауға Пригород орта мектебінің оқушылары белсене қатысты. «Біз Тәуелсіз елдің ұланымыз, болашағымыз. Елімізді, жерімізді сүйеміз»- деп елімізге арнаған жүрекжарды өлеңдері мен шығармаларын  ұсынды. 11 «А» класс оқушылары Абуов Нұрбақыт, Мұсағалиева Құралай   «Үздік шығарма немесе эссе» бағыты  бойынша  І орын иеленді. Жетекшісі Б.С.Байдовлетова;  6 «А» класс оқушысы Хаббасов Нұрислам «Үздік ән»  бағыты бойынша ІІ орынды иеленіп жеңіс тұғырынан  көрінді. Жетекшісі Г.Ж.Рахметова.  Ата-аналары мен ұстаздарының үміттерін ақтай білген шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып, болашақта еліміздің өркендеуіне атсалысуларына тілектеспіз! Сайысты ұйымдастырып, өткізген  Ақтөбе қалалық жастар  ресурстық  орталығына алғысымызды білдіреміз.