Ақтөбе облыстық планетарийі бірінші қазақ профессоры, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Қ.Қ.Жұбановтың туғанына 120 жыл толу мерейтойына арналған Облыстық ХІ Астрономиялық олимпиадасын өткізді. Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардың астрономиялық білімге деген қызығушылығын арттыру және де осы пәнді тереңірек меңгеруге үйрету, болашақ мамандық таңдауына көмек көрсету. Олимпиадаға Пригород орта мектебінің оқушылары белсене қатысты. 8 класс оқушылары Мақсат Ұлболсын, Дворников Леонид, 9 «А» класс оқушысы Мамбетова Дариға диплом иеленді. Жетекшілері: Қожанова Ә.Ж., Казбаев Д.Н. Оқушыларымызды жеңісімен құттықтай отырып, Көк Туымызды желбіретер ұлы даланың ұлағатты ұрпағы болып өссін демекпіз!
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/245-oblysty-khi-astronomiyaly-olimpiadasy.html#sigFreeId7f48b90c80