«Еске алу» вахтасы
9 мамыр – Ұлы Отан соғысы жеңісінің 73 жылдығы қарсаңында, мектеп оқушылары «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» атты ұранымен «Еске алу» вахтасына кезекшілікке кірісті.
"Бейбіт күн-жасасын əлемде"
Жеңіс мейрамына орай мектепалды даярлық тобында "Бейбіт күн-жасасын əлемде" тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
"Ұлы Жеңіс біздің жүрегімізде"
Ұлы Отан соғысының 73 жылдығына орай Пригород орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне арналған "Ұлы Жеңіс біздің жүрегімізде" атты мерекелік шара өткізілді. Ардагерлеріміз мектеп ұжымына жəне оқушыларға алғыстарын білдірді.
'' Біз Отанның сарбазы ''
''Айгөлек'' шағын орталығында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні жəне 9 мамыр Жеңіс күніне арналған '' Біз Отанның сарбазы '' атты ертеңгілік өткізілді жəне ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
"Бастау" республикалық математикалық турнир
Бүгін, 28 сəуір күні Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, Ақтөбе облысындағы "Бақытты бала" жылы аясында жалпы білім беретін қала мектептерінің 2-4 класс оқушылары арасында "Бастау" республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі өтті.
"Шығармашылық жобаны қорғау"
26 сəуір күні Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, Ақтөбе облысындағы "Бақытты бала" жылы аясында жалпы білім беретін қала мектептерінің 9 класс оқушылары арасында технология пәнінен дәстүрлі "Шығармашылық жобаны қорғау" атты қалалық байқау өтті. Байқауға 9 «А» класс оқушысы Орынбасаров А. қатысып грамотамен марапатталды. Жетекшісі Айдар С.Е. Құттықтаймыз!