Бүгінгі атаулы күн, оқу жылының аяқталуына орай өткізілген салтанатты жиыны Пригород орта мектебінде де ұстаздардың жүрек жарды тілегімен, жас жеткіншек оқушылардың сазды әуенімен, түлектердің қимас жырымен соңғы қоңырау үні сыңғыр қақты. Қимастық сезімде толқыған түлектермен бірге, ұстаздар мен ата-аналар да толқынысты қуаныш құшағында болды.
Соңғы қоңырау сыңғыры - мектеп өміріндегі құлаққа жағымды ұстаз бен шәкірт жүрегінде сақталатын ерекше ұмытылмас үн. Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Құрметті ұстаздар қауымы, ата-аналар, мектеп түлектері, оқушылар, баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймыз!
Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
Жас түлектер жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!