10-класс оқушылары 01.06-14.06 күндері еңбек тәжірибесінен өтті. Оқушылар еңбек тәжірибесі кезінде "Туған жерге - тағзым" акциясы аясында мектеп ауласын тазалады, биология пәнінің мұғалімі М.Қ.Нұрбаеваның жетекшілігімен құлпынай отырғызды. Сондай-ақ гүлдер егіп, суару жұмыстарын жүргізді.
Класс жетекшілер: Б.С.Байдовлетова мен Т.И.Фалалеева басшылығымен аулаға саңырауқұлақтар мен "қанқызы" бейнесін орнатты.
Еңбек тәжірибесінен xимия пәнінің мұғалімі Л.Р.Парай жетекшілік етті.
Оқушылар еңбек ете жүріп, өздерінің бейбіт елдің ұланы "Бақытты бала" бағдарламасына үлес қосушы үлгілі ұрпақтар екенін дәлелдеді.
Мектеп ұжымы 10-класс оқушыларына дән риза болды.