Пригород орта мектебінде Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы аясында «Арайлы мекен- Ақтөбем» спорттық-отбасылық сайысы өткізілді. Мақсаты: Ақтөбе қаласының тарихы, географиялық ерекшелігі туралы мәліметтер мен таныстыру. Ақтөбе өңіріне еңбегі сіңген даңқты тұлғаларды анықтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Сайысқа 3 отбасы қатысып, 6 кезеңнен тұратын спорттық ойын көрсетті.Шарамызға белсенділік танытып қатысқан отбасыларға үлкен алғыс білдіреміз.