Бүгін, 28 сəуір күні Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, Ақтөбе облысындағы "Бақытты бала" жылы аясында жалпы білім беретін қала мектептерінің 2-4 класс оқушылары арасында "Бастау" республикалық математикалық турнирінің қалалық кезеңі өтті.
Турнирге мектебімізден 2 құрама команда қатысты.
«Ойшылдар» құрама командасының мүшелері
- Ниязгалиева Мидина - 2 «А» класс
- Тулегенов Мұрат- 3 «А» класс
- Жарылғасын Қайырбек - 4 «А» класс
«Триум» құрама командасының мүшелері
- Усенко Александр - 2 «Б» класс
- Крутень Ксения – 3 «Б» класс
- Сагатова Ания -4 «Б» класс
Құрама командалардың мүшелері "Əр түрлі тапсырмалар", "Логика", "Капитандар сайысы" блоктарының тапсырмаларын орындады.
Турнир қорытындысы бойынша 2 «Б» класс оқушысы Усенко Александр «Үздік математик» номинациясымен марапатталды. Пригород орта мектебінің «Ойшылдар» командасы ІІІ орынға ие болды. Оқушыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!