«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы», Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздың көрікті орындары және тарихи нысандарымен таныстыру мақсатында 8-10 класс оқушыларына арналған «Жанды сабақтар» бір күндік туры ұйымдастырылды. Мектебіміздің оқушылары 2022 жылдың 23 қыркүйек күні "Жанды сабақ " турының бағдарламасы бойынша Ежелгі тарихи өңір- Хромтау ауданының тарихи, мәдени жәдігерлерімен танысу мақсатында ауданға саяхатқа барды. Оқушылар саяхат барысында "Айдарлыаша" геологиялық қимасына; Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейіне; Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне; Хромтау ауданындағы «Кеншілер» мәдениет үйіне барды. Саяхат барысында оқушылар көптеген тың мәліметтермен танысты. Оқушылардың рухани, шығармашылық дамуына, тарихи, мәдени құндылықтармен жан-жақты танысуына арналған интеллектуалды ойындар, көңілді эстафеталар өткізілді. Сайыстар қорытындысы бойынша оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.
Мектеп командасы эстафета ойын түрінен –І орын
Иманбекова Айдана секіру ойын түрінен – І орын;
Иманбекова Айдана «Домбыра» номинациясы– ІІ орын;
Скаков Айбат – «Домбыра» номинациясы - ІІІ орын.