22-26 қараша күндері мектебімізде 1-11 кластарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Тұңғыш президент күніне арналған "Сенімен мақтанамын, Қазақстан!" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Еліміздің еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын құрметтеуге, ержүректілікке, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.