КГУ "Пригородная средняя школа" ГУ "Отдел образования города Актобе"
0
Пригород орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30жылдығы қарсаңында "Аналар клубының" ашылуы мақсатында аналарымызбен кездесу өтті.

Пригород орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30жылдығы қарсаңында "Аналар клубының" ашылуы мақсатында аналарымызбен кездесу өтті. Онда ұрпақ сабақтастығы, отбасы құндылығын сақтау сынды көптеген тақырыптар қозғалды. Аналарымыз клубтың мақсат, міндеттерімен танысты. Кездесу барысында әжелеріміз ұршық иіріп шеберкласс көрсетсе, көпбалалы анамыз өз қолымен құрған көздің жауын алар қызылды-жасылды құрақ көрпесінің жасалу жолымен таныстырды. Мектебімізде болып жатқан "30 игі іс" қайырымдылық шарасына да өз үлесін қосып, құрақпен тігілген жастық сыйлады. "Қос бұрым-қыз көркі" демекші, оқушыларымыздың шаш өру үлгілерін аналарымыз сүйсіне тамашалады. Сонымен қатар бала тәрбиесі бойынша әртүрлі сұрақтар қойылып, талқыланды. "Аналар клубының" құрылуы мектебімізге тың серпін береді деп сенеміз.

Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батыр А.К.