Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме
бірлестігінің онкүндігі жоспарына сай, Бұқар жырау Қалқаманұлының 355
жылдығына арналған "Бірінші тілек тілеңіз" атты ұстаздар арасында
мектепішілік ақындар айтысы өтті. Мектепішілік ақындар айтысына 8 ақын
қатысып, бақ сынады. Ақындар сөз орамдарына арқау еткен басты тақырып –
айбыны асқақ азаттығымыздың 32 жылдығы. Дүбірлі айтыста ақындарымыз
Тәуелсіздіктің 32 жылдығы аясында жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір
сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның
көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.
Нәтижесінде, «Бас жүлдені» жас ақындар Ж.К.Жанбаева., А.А.Үкібаева
қанжығаларына байласа, І- орынды шоу айтыс үлгісін көрсеткен -
Ж.Т.Жұрманова., Б.М.Дадина еншіледі. ІІ-орынды патриоттық рухпен жыр
арнаған Л.Р. Парай , М.К.Нурбаева сынды ақындарымыз алса, ІІ-орынды
тақырыпты тебірене жырлаған , тәуелсіздікке тағзым еткен түлек-
ұстаздарымыз А.А.Туркменбаева мен Д.Ужраеваға бұйырды.
Айтысқа қатысқан ақындардың барлығы мектептің кәсіподағы тарапынан
қаржылай сый иеленді.
View the embedded image gallery online at:
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/999-15-zhelto-san-k-ni-birinshi-tilek-tile-iz-atty-stazdar-arasynda-mektepishilik-a-yndar-ajtysy-tti.html#sigFreeId4a51f6739e
https://prigorod-sh.edu.kz/novosti-kz/999-15-zhelto-san-k-ni-birinshi-tilek-tile-iz-atty-stazdar-arasynda-mektepishilik-a-yndar-ajtysy-tti.html#sigFreeId4a51f6739e