10 "А" класы мен мұғалімдер арасында "Қызық екен..." интеллектуалдық сайысы өткізілді.
12 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістеме бірлестігінің
онкүндігі аясында 10 "А" класы мен мұғалімдер арасында "Қызық екен..."
интеллектуалдық сайысы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Б.С.Байдовлетова оқушыларды 2 топқа бөлді. Қатысушылар 4 кезең бойынша
бақтарын сынап, білгендерімен бөлісті. "Қызықты сұрақтар" кезеңінде
оқушылар сұрақтарға жауап беріп, "Мақал-жүйелі ойдың көрінісі" кезеңінде
берілген суреттерден мақалдарды тауып айтты. "Әртіс болу оңай ма?"
кезеңінде "Жарық" әдісі арқылы топ капитаны жасырылған ұлттық
құндылықтарымызды топ мүшелеріне іс-қимылмен жеткізді. "Табақ тартуды
білген өз сыйын біледі" кезеңінде оқушылар топта өздеріне қосып алған
мұғалімдермен бірге жеребе бойынша таңдап алған табақ түрін жасап, оның
маңызы мен мағынасын түсіндірді. Қазылар алқасы сөз сөйлеп, жеңімпаз
болған топты анықтады. Сайыс соңында оқушылар мен мұғалімдер пікір
алмасып, сайыстың қызықты болған тұстарымен бөлісті. Өткізген:
Саматқызы А.