Маман ретінде Салтанат Максатовна білім алушыларға тісті қалай дұрыс күту қажет және адамдардың осы тіс күтіміне байланысты жіберетін қателіктері жөнінде нақты түсіндірді. Яғни бұрын тіс жегі белгісі бүлдіршіндерде өте аз кездессе, қазіргі таңда жасөспірімдер арасында жас талғамай өршіп барады. Сондықтан бала кезден тіс гигиенасын сақтау міндетті. Оқушылар белсенділік танытып, білімдерін ортаға сала отырып, өздеріне қажет болған сауалдардың жауабын алды.



















