"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Ата-аналарды Педагогикалық Қолдау Орталығының

2023 жылдың 22 қараша күні "Ата-аналарды Педагогикалық Қолдау Орталығының" 1-4 сынып оқушыларына арналған бағдарламасының жоспарына сәйкес модератор К.К.Мулдашеваның ұйымдастыруымен "Отбасы-бақыт бесігі.Ата-аналар өмірінің жобасы-бақытты адам" тақырыбында алғашқы сабақ өткізілді. Сабақ барысында модератор К.К.Мулдашева "Баланың әл-ауқаты және оның өмірінің негізі", "Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері", "Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие әдістері", "Ата-ананың әл-ауқатына жауапкершілігі" және "Отбасына жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас" тақырыптарында түсініктіме берді. Сондай-ақ ата-аналар назарына "Балаға көңіл бөлуді ұмытпаңыз", "Ата-аналарға арналған 14 кеңес" атты бейнебаяндар көрсетіліп, баланың шырағын жағу ұстаздар қауымының міндеті болса, жағдай жасап, жайлы ықпал жүргізу ата-ананың міндеті деген пікірлерімен толықтырды. Мектеп басшысы Ш.К.Умирзакова шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, аталған шараның бала тәрбиесінде маңызды екенін атап өтті. Мектебіміздің педагог-психологі Б.М.Сисенгалиева сабақты қорытындылау мақсатында "Рефлексия пирамидасы" әдісі арқылы кері байланыс алынып, аталған тақырыптар аясында ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Ата-аналар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, педагогикалық қолдау орталығының алғашқы сабағына оң бағаларын берді.