"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Жаратылыстану -тіршілік туралы ғылым

20.11-01.12.2023 ж аралығында “Жаратылыстану -тіршілік туралы ғылым" тақырыбындағы жаратылыстану әдістеме бірлестігінің онкүндігінің төртінші күні “Косметика күні”. Косметика күніне орай “Сұлулықтың сыры неде?” тақырыбында қыз балалармен сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында өздері күнделікті жасайтын бет күтімдері, қолданатын опа-далаптары туралы мағлұматтар беріп өзара пікір алмасты. Сонымен қатар кештерге барған кезде қалай бет әрлейтіндерін (макияж жасайтындарын) практикалық тұрғыда бөлісті.