"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
13.10.күні тарих және құқық бірлестігі онкүндік аясында

13.10.күні тарих және құқық бірлестігі онкүндік аясында 9 "А", "Б" сынып оқушылары, тарих пәні мұғалімі А.Е.Кадырова және тәрбие орынбасары Ж.С  Дауылбаевамен бірге, ақын, жазушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өміріне қатысты түсірілген фильмді көруге барды. 

Тарихи туынды Міржақып Дулатұлының 1909-1935 жылдардағы өмір кезеңін қамтиды.

Көсемсөз шебері, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өзінің алғашқы кітабы “Оян, қазақты” жазу, басу, тарату кезінде орасан кедергілерге ұшырайды.

  Міржақып атамыздың аты Қазақ еліне аян. Өзінің бозторғай жаны шырылдап, елі, жері үшін жанын қиған асыл азамат.