Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігі мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған.Сондықтан тарих құқық онкүндігі аясында кітап оқу сайысы ұйымдастырылмақ. Егер сен 2 -11 сынып арасындағы оқушы болсаң осы сайысқа қатыса аласың. Сайыстың шартына сәйкес оқушылар осы кітаптардың біреуін толық оқып, мазмұнын айтуы қажет. Видео көлемі 2 минутты құрайды.
Кітап білімнің қайнар көзі