Мемлекет Басшысы Қасым -Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылды. Пригород орта мектебінде 4 қыркүйектен бастап 1-4 сыныптардың 136 оқушысы және 80 оқушы жеңілдік санаты бойынша ыстық тамақпен қамтылды.