“Әдістемелік кабинет” КММ жоспарына сәйкес “Пригород орта мектебі” КММ-нің тарих пәні мұғалімі А.Е.Кадырованың жетекшілігімен “Тарих сабағында білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыратын белсенді әдістер мен цифрлық технологияның тиімділігін арттыру” тақырыбындағы педагогикалық шебер класының отырысы өтті.
Шебер класты Пригород орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Т.И.Хрусталева рефлексиямен бастады. Шебер класс жетекшісі А.Е.Кадырова тарих сабағында қолданылатын “5R”, “РЕТТ”, “PRES” әдістерінің тиімділігін көрсетсе, Благодар орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.Б.Садықова “Classroomscreen”, 50 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Э.Б.Тоймаганбетова “wiser.me Festisitie” бағдарламаларының сабақ барысында пайдаланудың тиімділіктерін көрсетсе, 74 ЖББОМ тарих пәнінің мұғалімі Э.М.Жанбаева “ТікТок”, “Ай мен күн”, “SMS”әдістері арқылы сабақтарды қорытындылауды көрсетіп, “ZipGrade”, “Пицца” әдістері арқылы шебер класс қорытындыланды.