"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Пригород орта мектебінде 14-наурыз Көрісу мерекесіне орай “Нағыз қазақ-домбыра” атты күй сазды кеші өтті. Оқушыларымыз домбыра үйірмесінен үйренген күйлерін халыққа паш етті

Пригород орта мектебінде 14-наурыз Көрісу мерекесіне орай “Нағыз қазақ-домбыра” атты күй сазды кеші өтті. Оқушыларымыз домбыра үйірмесінен үйренген күйлерін халыққа паш етті.
Бұл домбыра тоғыз перне тағылған,
Естіген жан үнін аңсап сағынған.
Тарта білсең дұрыс қойып,
дұрыс қойып тиегін,
Кеңітеді көңілдің көк,
Көңілдің көк жиегін.
Бұл домбыра талай ғасыр жыр еткен,—
Махаббатты шыққан ыстық жүректен.
Жан сезімін аялатқан,
Аялатқан, тербеген
Кейде шаттық, кейде қайғы,
Кейде қайғы-шерменен.
Бұл домбыра тапқан ақын жүрегін,
Тартқан жарға айтам деген тілегін.
Үні тәтті күлкісіндей,
Күлкісіндей қалқаның
Сол себептен домбырамды тартамын.
Ұйымдастырған: домбыра үйірмесінің жетекшісі Дәрібаев Жолашар