"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Ағымдағы жылдың 30 қарашасында

@aktobedin with @get__repost__app Ағымдағы жылдың 30 қарашасында діни сауаттылықты қалыптастыру, теріс діни ағымдардың радикалды идеологиясының таралуының алдын алу мен экстремистік әрекеттердің қоғамға келтіретін ықпалдары туралы түсіндірмелік жұмыс жүргізу мақсатында Пригород орта мектебінің оқушыларымен кездесу өтті.

Ақтөбе қаласының дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Ә. Ұзақбай мен психолог Т. Тулепбергенов діни сауаттылық төңірегінде сөз қозғап, білім алушылармен еркін форматта пікір алмасты.

«Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Бұл мәселенің алдын алу мақсатында жасалатын басты жұмыс – шынайы дереккөздерге негізделген нақты ақпараттарды ұсыну. Сондықтан сіздерді сақ болуға және діни сауаттануға шақырамыз», - деді орталық маманы.

Психолог маман оқушыларға тренинг өткізіп, бейнематериалдар ұсынды.