"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
"Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау - ұлт денсаулығын қорғау"

24.11.2022 ж.

8 - 11 сынып қыз балаларымен жасөспірім қыздардың дамуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, қызбаланың жыныстық жетілуі, жеке бас гигиенасы және салауатты өмір салты туралы ақпарат беру мақсатында "Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау - ұлт денсаулығын қорғау" тақырыбында тренинг элементтерімен дөңгелек үстел өтті. Биология пәні оқытушысы Нурбаева М.Қ, мектеп медбикесі Л.Ж.Сагиева қыздар ағзасының анатомиялық - физологиялық ерекшеліктері, қыздың гигиенасы және салауатты өмір салты, жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығына жауапкершілікпен қарау туралы толық ақпарат берсе, педагог - психолог Сисенгалиева Б.М. жасөспірімдердің психологиялық мінез - құлық ерекшеліктерін тренинг элементтері арқылы түсіндірді.