Мақсаты: кемеңгер тұлғаның ерен еңбектерімен таныстырып, оқушылардың бойында Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру. Конференция барысында Дінмұхаммед Қонаев туралы көптеген естеліктер мен жүріп өткен дара жолы туралы ой қозғалды. Оқушылармен қатар Дінмұхаммед атамызбен кездескен ұстаздар мен біздің елді мекенімізге келіп, егістік алқапты әкесімен аралаған атамыздың естелік суреттерімен мектеп басшысы Шолпан Көшербайқызы да ол жайлы естіген естілектерімен бөлісті. Тарих пәні мұғалімі: Кадырова А. Е.
Жоғарғы класс оқушылары арасында «Дана тұлға, Дара тұлға» атты Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевқа арналған ғылыми - практикалық конференция өткізілді