"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
"Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және құқық негіздері пәндерінің апталығы басталды

Ұлттық рухты сусындату бағытында үзілістерде "Қара жорға" биі биленіп, қазақ халқының "Ұлттық әндері" тыңдалды. Апталықтың ашылу барысында қазақ халқының көрнекті өкілдері мен тарихи тұлғалары туралы құнды ақпараттар беріліп, сонымен қатар кітап көрмесін ұйымдастыру арқылы құнды естеліктер оқушыларға жеткізілді. Бірлестік ұстаздары тілге құрмет көрсету мақсатында "Ана тілі" әнін шынайы жанашырлықпен орындап, оқушы мен ұстаз арасындағы шығармашылық байланысты көрсете білді.