"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»

01.10.2022ж. Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ардагер ұстаздарымызды осы бір айтулы мерекемен Пригород орта мектебі әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті шын жүректен құттықтады.

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» деген қағиданы жанымызға жалау ете отырып, ардагер ұстаздарымызға сый құрмет көрсетіп, жылы тілектерімізді жолдадық.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлерімізде ерекше жүрек жарды бата-тілектерін білдірді.

Құрметті Ардагер ұстаздар, бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!