"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Елбасы медалі»

«Елбасы медалі»

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының дарынды оқушыларды анықтау және қолдау жүйесін құруға мүмкіндік беретін «Ел үміті» бастамасының ауқымды жобаларының бірі “Елбасы медалі” жобасы. “Елбасы Медалі” жобасы – өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және олардың үйлесімді жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаға қатысу тәртібі Үкімет Қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен ұйымдастырылуда. Аталған бағдарламаға мектебіміздің оқушылары қатысып, «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері атанды! Бағдарлама қатысушылары Сапарғалиева Әсемгүл, Сапарғали Айша, Ботаева Жаннұр спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі сияқты жеті негізгі бағытты еңсеріп, әртүрлі сынақтан сүрінбей өткен. «Елбасы медалі» жастарды жан-жақты дамытып, оларды қолдауға бағытталған. Оқушыларымызды бұл жетістіктерімен құттықтаймыз, жетер шыңдарыңыз, алар асуларыңыз көп болсын!