"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Тамыз айында жаңа оқу жылына қызу дайындық жүргізілетіндігі белгілі.

Жыл сайын облыстың білім беру ұйымдарында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсететін “Мектепке жол” жалпыреспубликалық акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды. 2022 жылы науқан «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу.
Осыған байланысты Сізге осы іс-шараға белсене қатысуға шақырамыз.

Жақсы амалдар назардан тыс қалмайды - олар көмек күтіп тұрғандар үшін жарқырап тұрған маяктар сияқты. Балаларға көмек көрсетіп, Сіз материалдық құндылықтарды ғана емес, қуаныш пен үміт сыйлайсыз!

Көмекке мұқтаж балалар туралы ақпаратты Ақтөбе облысының білім басқармасынан 98-11-31 телефон бойынша алуға болады.