"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
2022 жылдың 16 маусым күні Пригород орта мектебінде «ТҮЛЕК 2022- ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРТЕҢІ» атты салтанатты жиыны өтті

Биылғы оқу жылы Пригород орта мектебінде 34 түлек аяқтап отыр. Олардың ішінде «Алтын белгі» иегері 4 оқушы: Базарбаева Аяулым Көбейқызы, Мақсет Уахия Нұрланқызы, Мақсат Ұлболсын Мұратбайқызы, Мұсағалиева Әсем Тұрданбекғалиқызы және үздік аттестат иегері 4 оқушы: Төлеуғалиева Назерке Айбекқызы, Нұрлан Айшабибинур Нұрланқызы, Перетятько Наталья Васильевна, Орлова Валерия Евгеньевна. Салтанатты шарада мектеп басшысы Жанина Гүлнар Батесқызы түлектерге жылы лебіз тілеп, аттестаттарын табыстады. Мектебіміздің түлектеріне сәт-сапар тілейміз, қалаған мамандықтарына грант жеңіп алып, жоғары білім алуға тілектеспіз. Түлектерге сәт-сапар, ақ жол тілейміз